Жарияланды: 570

2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысында пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен жатақханалар құны 387,2 млн. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Маңғыстау облысында жалпы алаңы 51977 шаршы метрді құрайтын 372 пәтер пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 113,6%-і құрайды. Пайдалануға берілген тұрғын үйлер мен жатақханалар құны 387,2 млн. теңгені құрады. Үйлердің барлығы да жеке меншік құрылысшылардың қаржысымен бой көтерді. Бұл туралы облыстық статистикалық басқарманың төрайымы Галина Иванова KZ-today тілшісіне хабарлады.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 7,4 мың теңгені, соның ішінде қалаларда 10,3 мың теңгені, ауылдық жерлерде 4,4 мың теңгені құрады. 2003-жылдың бірінші жартысында құрылыстық мердігерлік келісім шартына сәйкес атқарылған жұмыстар мен қызметтер құны 5114,9 млн. теңгені құрады. Мердігерлік жұмыстардың басым бөлігін (99,8 %) отандық құрылыс компаниялары атқарды. Жұмыс көлемінің 60,5%-ін жаңадан құрылыстар салу, жаңалау, бар нысандарды қайтадан техникалық жарақтандыру жұмыстары, 35,6%-ін күрделі жөндеу, 2,4%-ін ағымдағы жөндеу жұмыстары, 1,5%-ін басқа да мердігерлік жұмыстар иемденді. Биылғы жылдың маусым айында 9 мұнай ұңғымасы пайдалануға беріліп, 135 шаршы метр алаңды иемденетін сауда-саттық кәсіпорындары, мұнай қалдықтарын өңдеу қондырғысы, жалпы алаңы 10882 шаршы метрді құрайтын 70 пәтер салынды. Оның 5883 шаршы метрі ауылдық жерлерде салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть