Оның айтуынша, «Думан» ықшам ауданында ипотекалық несие беру принципі бойынша кедей және орташа ауқатты тұрғындар қауымына арнап тұрғын үй қалашығын салу бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды.
Сондай-ақ, Л.Васильеваның хабарлауынша, 2003-жылдың бірінші жартысында Алматыда жер туралы заңды бұзуға байланысты 346 оқиға тіркелген. Осыған сәйкес бақылаушы мекемелерге қала шеңберіндегі үй салу жұмыстарына қатаң бақылау жасау тапсырылыпты.
Ал қаланы көркейту жұмыстары жаз маусымының соңына дейін жалғасады. Бүгінге дейін қаланың 14 көшесіндегі жол күрделі жөндеуден өтіп, Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы жол торабын салуға 500 млн. теңге игерілген.