2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Шығыс Қазақстан облысында 1265 өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Шығыс Қазақстан облысында 1265 өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Шығыс Қазақстан облысында 1265 өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 1265 өрт тіркеліп, соның салдарынан 41 адам мерт болды. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 7 процент артық. Ал 2002-жылдың осы мерзімінде 1180 өрт тіркелген болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ШҚО мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 9 Шiлде 2003
  • 458
Фото - Caravan.kz

ШҚО мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің мәліметіне жүгінсек, өрт салдарынан 34 адам қаза тапқан, бұл 2002-жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 19 процент кем, сондай-ақ, 21 адам (2002-жылы 31) әртүрлі жарақаттар алды.

Өрт салдарынан келген шығын 27,6 млн. теңгеге жетті, бұл 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 73% артық. 196 нысан (125) мен 413 тонна жем-шөп (686) отқа оранды. Облыстық өрт сөндірушілер 2595 адам (2430) мен 1 млрд. 460 млн. теңгенің (2,7 млрд. теңге.) материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан қорғап қалды.
Өрттің шығуына себепкер болу және материалдық шығынға батыру деректері бойынша 9 қылмыстық, 609 әкімшілік іс қозғалды. 1,478 млн. теңге шығынның орны толтырылды.
Шыққан өрттер санымен Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар арасынан Семей — 299 өрт оқиғасымен бірінші орында тұрса, екінші орында Өскемен — 249, үшінші орында Риддер — 95 көрсеткішпен тұр. Облыс аудандары арасынан өрт санымен алдыңғы орында тұрғандарға келсек: Зырянов ауданында- 91 , Шемонаихада — 90, Глубокое ауданында — 71, Бесқарағайда — 56 және Бородулиха ауданында — 53 оқиға тіркелді .