Жарияланды: 610

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскемендегі кәсіпорындар 41 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскемендегі кәсіпорындар 41 млрд.925 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы көлемнің 52,6%-іне тең. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,1%-ке артты. Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі - 95,7% - 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 85,4%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 6 айында 35,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 3,7%-ке артты. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 59,8%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 4,6%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 9,7%-ке, мыс өндіру көлемі 15,4%-ке өсті. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 7,6%-ке азайғанына қарамастан кеңселік жиҺаз өндіру мөлшері 90%-ке артып отыр. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 44,8%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 8,5%-ке кеміді. 2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 945,5 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 17,2%-ке азайды. Сонымен бірге, 14,2 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,2%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 55,5%-ке кеміді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть