Жарияланды: 430

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысындағы кәсіпорындар 64,759 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысындағы кәсіпорындар 64 млрд. 759 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 124,9%-ті құрайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық экономикалық басқармадан хабарлады.

Жалпы өнеркәсіп өнімінің 95,4%-ін иемденетін тау-кен өнеркәсібінде биылғы жылдың 6 айында шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру көлемінің артуы есебінен өнім көлемінің индексі 125,4%-ті құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өнім көлемінің индексі 108,4%-ті құрады. Басқарма мәліметіне жүгінсек, металлдар тобына жатпайтын минералды өнімдер өндіру мөлшері 2,1 есе, металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдар өндіру көлемі 21,6%-ке артып отыр. 2003-жылдың алғашқы жартысында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда электр энергиясын тарату, су және газ өндіру көлемінің индексі жылу энергиясын өндіру ауқымының 20,0 %-ке артуы есебінен 118,0%-ті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін