2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,3 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,3 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13,3 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Шығыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13 млрд. 364 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 13,9% артық. Бұл туралы облыстық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 22 Тамыз 2003
  • 436
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысы республикалық жалпы инвестиция көлемінде 2,9%-тік үлес иемденіп, 10-орында тұр. Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 46,3%-і Өскемен қаласының үлесіне тиеді.

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 32,7% -і өңдеу өнеркәсібіне, 21,7%-і тау-кен өнеркәсібініне, 21,5%-і көлік және байланыс саласына , 2,1%-і ауылшаруашылығына арналды.
Инвестицияның 44,4% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 54%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияның 82 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 87,7 процентті құраған болатын), ал 10,4 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы
1,2% ), 6,4 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 8,0%), 1,2 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 3,1%) шығарылды.

Соңғы жаңалықтар