Жарияланды: 550

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында Өскемендегі еңбекпен қамту орталықтары 1,5 мың адамды жұмысқа орналастырды

2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында Өскемендегі еңбекпен қамту орталықтарына 6031 адам өтініш түсірді, бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7,2%-ке артық. Олардың 3127-сі жұмысқа орналастырылды. 2003-жылдың 8 айында Өскемен қаласы бойынша еңбекпен қамту деңгейі 51,8%-ті құрады, бұл - өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 0,5%-ке артық.

Жалпы алғанда, үстіміздегі жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен қаладағы ресми тіркелген жұмыссыздар саны 5198 адамды құрады. Экономикалық белсенді тұрғындар арасындағы ресми тіркелген жұмыссыздардың үлес салмағы 3,2%-ті иемденеді. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жарияланған бос жұмыс орындарының 63%-ті немесе 2283-і Өскеменнің үлесінде. Есепті мерзімде ақылы қоғамдық жұмыстарға 1092 адам тартылды, олардың 866-сы әйелдер, 177-сі 24 жасқа дейінгі жастар. Қоғамдық жұмыстардан кейін 116 адам жұмысқа орналастырылды. 485 жұмыссыз еңбек нарығында сұраныс тіркелген 20 мамандық бойынша кәсіптік оқыту және қайтадан басқа мамандық игерту бағдарламасына қамтылды. Олардың 209-ы әйелдер, 128-і 24 жасқа дейінгі жастар. 135 адам оқытудан кейін жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, жастар арасынан 138 адам қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдарға тәжірибеден өтуге жіберіліп, 19-ы осыдан кейін жұмысқа орналастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін