2003-жылдың қазан айынан бастап "Қазпошта" қызмет төлемін арттырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қазан айынан бастап "Қазпошта" қызмет төлемін арттырмақ ниетте

2003-жылдың қазан айынан бастап "Қазпошта" қызмет төлемін арттырмақ ниетте

2003-жылғы 1-қазаннан бастап "Қазпошта" ААҚ жай, ашық және орама хаттарды жолдау бағасын қымбаттатқалы отыр. Бұл туралы бүгін, 28-тамызда ҚР табиғи монополияларды реттеу және шағын бәсекелестікті қолдау Агенттігі Астанада ұйымдастырған қоғамдық тыңдауда мәлім болды.

  • 28 Тамыз 2003
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Қазпошта» ААҚ басқармалары төрағасының орыбасары Дәурен Молдағалиевтің айтуынша, «ашық хаттарды жолдау құнын 2 теңгеге, жай хаттарды 3 теңгеге, орама хаттарды жолдау құнын 10 теңгеге қымбаттату — тұтыным қоржынындағы құнның қымбаттауына немесе аталмыш қызмет түрлеріне қарапайым халықтың қол жеткізу мүмкіндігіне әсер етпейді». Оның айтуынша, қазіргі қолданыстағы тариф жалпы негізгі қорды, соның ішінде әсіресе ауылдық жерлердегі негізгі қорды сақтап қалу мүмкіндігін қамтамасыз ете алмай отыр. Пошталық вагондарды темір жолмен жеткізу құнының жыл басында өсірілуі пошта тасымалдау және оны жеткізу шығындарының артуына апарып соқты. Тек биылғы 6 айда қосымша шығын көлемі 66,6 млн. теңгені құраған. Сондай-ақ, бұл саладағы ең төмен жалақыны дәл осы пошта қызметерлері алады.

Сарапшылық міндет атқарған Алматы энергетика және байланыс институтының проректоры Евгений Малишевскийдің айтуынша, «Қазпошта» ААҚ-ның қызмет төлемдерін қымбаттатуды экономикалық тұрғыда ақтап алуға болады. Сарапшының бағасына сәйкес, Қазақстандағы пошта байланысы басқа елдермен салыстырғанда қалыс қалып отыр. Мұндай уәжге мынадай көрсеткіштер дәлел бола алады. Мәселен, бұрын пошталық жөнелтімдер көлемі жылына 120-130 млн. болса, қазір бұл көрсеткіш жылына небәрі 15 млн.-ды құрайды. Ал ауылдық жерлерге хаттар мен газеттер жеткізу жиілігі аптасына бір мәртеге дейін азайды,- деді ол.
«Қазпошта» ААҚ-ның иелігінде 3387 байланыс бөлімшесі бар. Оның 2792-сі ауылдық жерлерде орналасқан. Елді мекендердің 41 проценттен астамы пошталық байланыс кәсіпорындарының қызметін тұтынады.

Соңғы жаңалықтар