Жарияланды: 490

2003-жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін құю және төгуге арналған эстакада пайдалануға берілмек

Зауытты қайта жөндеу шаралары аясында 2003-жылдың соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өнімдерін құю және төгуге арналған эстакаданы пайдалануға беру туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау мұнай өңдеу зауыты ААҚ-ның президенті Сергей Шишлов хабарлады.

Оның айтуынша, құны 5 млн. долларды құрайтын бұл жобаны толықтай қаржыландыру міндетін "Қазмұнайгаз Сауда үйі " ЖАҚ жүктеп алған. Келісім шартына сәйкес сауда үйі жылына 1,5 млн. тонна мазут және 1,2 млн. тонна шикі мұнай өнімдерін құю және төгуге арналған эстакаданы салуға қаржы бөледі. Эстакаданың құрылыс жобасы Нижний Новгородта әзірленген. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін нысан зауытттың меншігіне беріледі. Атырау мұнай өңдеу зауыты ААҚ жұмсалған қаржы толық қайтарылғанға дейін эстакаданы жалға алынған нысан ретінде рәсімдейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть