2003-жылғы күзде болған мәслихат сайлауы барысында бірқатар заң бұзу оқиғалары тіркелді - ҚР Конституциялық кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылғы күзде болған мәслихат сайлауы барысында бірқатар заң бұзу оқиғалары тіркелді - ҚР Конституциялық кеңесі

2003-жылғы күзде болған мәслихат сайлауы барысында бірқатар заң бұзу оқиғалары тіркелді - ҚР Конституциялық кеңесі

2003-жылғы күзде болған мәслихат сайлауы барысында сайлау заңын бұзу оқиғалары бірнеше мәрте шықты. Бұл туралы бүгін, 19-сәуірде Астанада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Юрий Хитрин мәлімдеді.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 656
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «еліміздің бірқатар аудандарында сайлау комиссиялары мәслихат сайлауына өз кандидатураларын ұсынуға ниет білдірген азаматтардан қолданыстағы заңда көрсетілмеген құжаттар тізімін талап еткен». Сондай-ақ, «сайлау комиссияларының мүшелігіне бір-біріне бағынышты адамдар тағайындалған». Сондай-ақ, Ю.Хитриннің хабарлауынша, сайлау комиссиялары жұмысының ашықтығы қамтамасыз етілмеген.

ҚР Конституциялық кеңесі төрағасының пайымдауынша, «Сайлау туралы » заңның жаңа нұсқасын қабылдау «сайлау барысындағы осы тектес заң бұзу оқиғаларын азайтуға түрткі болмақ». Сондай-ақ, Ю.Хитриннің пайымдауынша, сайлау процессіне қатысушы барлық тараптар ҚР Ата заңы мен сайлау заңының ережелеріне бұлтарыссыз бағынған жағдайда ғана сайлауды әділетті әрі ашық өткізуге жағдай жасалады. «Елімізде құқықтық мемлекет құру мақсаты барша мемлекеттік мекемелер, азаматтық қоғам институттары мен азаматтардан Конституцияны ұлықтау және конституциялық заңдылықты сақтау мақсатында күш біріктіруді талап етеді»,- деді Ю.Хитрин.