Жарияланды: 490

2003-жылғы республикалық бюджетке енгізілген түзетулердің өз күшіне енуіне байланысты қаулы қабылданды

Бүгін, 17-маусымда Астанада өткен үкімет отырысында "2003-жылғы республикалық бюджетке енгізілген өзгертулер мен толықтырулар" туралы заңды жүзеге асыру жөніндегі " қаулының жобасы қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Қаулы жобасында 2003-жылдың 1-шілдесінен бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер көлемін арттыруға, сондай-ақ, Қазақстан даму банкі, Инновациялық және инвестициялық қор, экспортты сақтандыру қоры секілді даму институттарын құрып нығайтуға байланысты бірқатар кезек күттірмейтін шаралар қарастырылған",- деді өз сөзінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов. "Аталмыш қаулының жобасын жасауға байланысты республикалық бюджеттің бағдарламалық администраторлары оперативті шараларды жүзеге асырды",- деп хабарлады ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть