Жарияланды: 490

2003-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 84 процентті құрайды- ҚР үкімет басшысы

2003-жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 84 процентті құрайды. Бұл туралы бүгін, 17-маусымда Астанадағы үкімет отырысында сөз сөйлеген премьер-министр Даниал Ахметов хабарлады.

Жалпы алғанда бүл көрсеткішті үкімет басшысы "орташа" деп бағалады. Үкімет басшысының айтуынша, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырушы төрт администратор бюджетің шығыс бөлігін 50 проценттен төмен көрсеткішпен орындаған. Ал 9 министрлік бойынша бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 50-70 процентті құрады. Осыған байланысты үкімет басшысы министрлерден жұмыс тиімділігін арттыруды талап етті. "Бізде ресурс жеткілікті, алайда оны игеру деңгейі көңіл көншітіп отырған жоқ, бұл- министрліктердегі басқару деңгейін айғақтаса керек",- деп атап көрсетті Д.Ахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть