Жарияланды: 450

2003-жылы 30 мың неміс Қазақстаннан Германияға қоныс аударады

2003-жылы 30 мың неміс Қазақстаннан Германияға қоныс аударады.

Бұл туралы бүгін, 24-шілдеде елімізде ресми сапармен жүрген Германия Федеративтік Республикасы үкіметінің қоныс аударушылар мәселесі жөніндегі уәкілетті өкілі, Германия Бундестагының депутаты Йохен Вельт хабарлады. Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстаннан 38 мың адам қоныс аударса, 1994-жылы бұл көрсеткіш 121 мыңға жеткен. Жалпы алғанда 1989-жылдан бері Қазақстаннан тарихи отанына қоныс аударған этникалық немістер саны 700 мыңнан асып жығылады. Уәкілетті өкілдің үш күндік ресми сапары 25-шілдеде аяқталады. Сапар барысында толық құқылы өкіл тұрғылықты немістердің Қазақстандағы ахуалымен танысады. Ондағы мақсат- Германия мен Қазақстан арасындағы 1996-жылы қол қойылған "Неміс ұлты өкілдерін қолдау саласындағы ынтамақтастық туралы" келісім аясында өзара үйлестірілген нысаналы шараларды одан әрі жалғастыру болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть