2003-жылы Алматы қаласы квота бойынша 90 оралман отбасын қабылдады - ҚР көші-қон және демография Агенттігінің Алматы қалалық басқармасы төрайымы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Алматы қаласы квота бойынша 90 оралман отбасын қабылдады - ҚР көші-қон және демография  Агенттігінің Алматы қалалық басқармасы төрайымы

2003-жылы Алматы қаласы квота бойынша 90 оралман отбасын қабылдады - ҚР көші-қон және демография Агенттігінің Алматы қалалық басқармасы төрайымы

2003-жылы Алматы қаласы квота бойынша 90 оралман отбасын қабылдады. Қазір Алматыда квота бойынша келген оралмандармен қатар өз бетімен келген отбасылар да бар. Қалада тұратын оралмандардың жалпы саны 810 отбасы немесе 2588 адамды құрайды. Бұл туралы бүгін, 23-қыркүйекте KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ҚР көші-қон және демография Агенттігінің Алматы қалалық басқармасының төрайымы

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 766
Фото - Caravan.kz

Светлана Идрисова хабарлады.

С.Идрисованың айтуынша, қалаға келетін оралмандардың квотасы арта түсуде. 1994-2002-жылдар аралығында Алматы 318 оралман отбасын қабылдады.
Үстіміздегі жылдың 7 айында алыс және жақын шетелдерден қалаға келген оралмандар саны 2002-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 процентке артып, 1847 адамды құрады. Олардың 963-і ер адамдар, 884-і әйелдер. Қоныс аударғандардың 81 проценті еңбекке қабілетті азаматтар, 11 проценті — зейнеткерлер, 8 проценті- балалар. Оралмандар негізінен Қытай,Германия, Монғолия, Израиль, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинадан келді.
Қазіргі жағдаймен Алматыда 1 млн. 160 мың адам тұрады. 2003-жылдың қаңтар-шілде айларында тұрғындардың табиғи өсімі 4647 адамды құрады, бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2032 адамға артық .

Соңғы жаңалықтар