2003-жылы Семейде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы Семейде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалды

2003-жылы Семейде қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің үстінен 16 қылмыстық іс қозғалды

2003-жылы Семейдегі түзету мекемелерінде заңдылықты сақтау жөніндегі мамандандырылған прокуратура қылмыстық атқару жүйесіне қарасты 107 мекемеге тексеру жүргізді. Тексерулер нәтижесі бойынша 16 қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық атқару жүйесінің 19 қызметкері тәртіптік жауапкершіліке тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семейдегі түзету мекемелерінде заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор Айтмағамбет Серғазин хабарлады.

  • 29 Наурыз 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде айппұл абақтысына заңсыз қамалған екі адам бостандыққа шығарылып, прокуратура сотталғандар мен олардың туыстарынан келіп түскен 135 арыз-шағымды қарады.

Прокурордың пікірінше, түзету мекемелеріндегі қазіргі басты проблема — сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі болмақ. «Бұл бағыттағы жұмыстардың ұйымдастырылу деңгейі осал. Мемлекеттен де, жеке тұлғалардан да тапсырыс түспейді»,- деді ол. Қазіргі жағдаймен, сотталғандардың 10-15 проценті ғана қоғамдық-пайдалы еңбекпен қамтамасыз етілген.
Прокуратура мәліметіне сәйкес, қазір Шығыс Қазақстан облысында 15 түзету мекемесі жұмыс істейді. Облыстағы колонияларда 10 мың адам жазасын өтеуде, 2003-жылы 2,5 мың адам шартты түрде мерзімінен бұрын абақтыдан босатылды.

Соңғы жаңалықтар