Жарияланды: 440

2004 жылдың қаңтар-ақпанында еліміздегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 124,9 млрд. теңгені құрады

2004 жылдың қаңтар-ақпанында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар (жете бағалауды ескере отырып) 124,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы тиісті кезеңдегіден 21,6% көп. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалған. Аса көп өсуі Астана қаласында (2,4 есе) тіркелді. Атап айтсақ, Павлодар облысында инвестиция өсімі 117,7%-ті, Жамбыл облысында 87%-ті, Манғыстау облысында 53,3%-ті, Атырау облысында 51,1%-ті, Ақмола облысында 25,8%-ті, Қостанай облысында 18%-ті, Қарағанды облысында 17,1%-ті, Оңтүстік Қазақстан облысында 16,8%-ті, Шығыс Қазақстан облысында 5,7%-ті, Солтүстік Қазақстан облысында 0,7%-ті құрады. Ал Батыс Қазақстан обласысында инвестиция өсімі 47,9%-ке, Қызылорда облысында 33,7%-ке, Ақтөбе облысында 25,6%-ке, Алматы облысында 8,2%-ке кеміді. Алматы және Астана қалаларында негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі тиісінше 13% және 140,5% болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін