2004 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,7 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,7 млрд. теңгені құрады

2004 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстандағы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 35,7 млрд. теңгені құрады

2004 жылдың қаңтар-ақпанында республика бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 35,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2003 жылғы тиісті кезеңдегіден 5,9 % артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 539
Фото - Caravan.kz

2003 жылдың 1 наурызынан бергі кезең ішінде барлық облыстардың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері ірі қара мал, шошқа, жылқы, қой мен ешкі 9 облыс — құс санын, 8 облыс — түйе санын көбейтті. Көрсетілген кезең ішінде құс саны Атырау облысында (10%) , Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Қостанай облыстарында (2%), түйе басы Алматы облысында (2%) азайды.

2004 жылдың қаңтар-ақпанында ет өндірісі көлемінің өсуі 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, республиканың 14 өңірінде байқалды. Астана және Алматы қалаларында ет өндірісінің көлемі өткен жылғы деңгейде қалды. Өндірістің ең көп өсіміне Павлодар облысында (17,6%) қол жеткізілді, ең азы — Қостанай облысында (0,7%) орын алды.
Сүт өндірісінің өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында сауылған сүттің көлемі өткен жылғы деңгейде қалды. Ең көп өсімге Павлодар облысында қол жеткізілді (17%).
2004 жылдың қаңтар-ақпанында жұмыртқа өндірісінің өсуі 2003 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанның 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсімге Алматы қаласында қол жеткізілді (50,0% ).

Соңғы жаңалықтар