2004-2006-жылдарға арналған Арал тауқыметін кешенді шешу бағдарламасы бойынша 44796,56 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-2006-жылдарға арналған Арал тауқыметін кешенді шешу бағдарламасы бойынша 44796,56 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылып отыр

2004-2006-жылдарға арналған Арал тауқыметін кешенді шешу бағдарламасы бойынша 44796,56 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылып отыр

2004-2006-жылдарға арналған Арал тауқыметін кешенді шешу бағдарламасы бойынша 44796,56 млн. теңге көлемінде қаржы бөлу қарастырылып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Арал тауқыметін шешу жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған кешенді бағдарлама ҚР үкіметінің 2004-жылғы 7-мамырдағы қаулысымен бекітілген.

  • 17 Мамыр 2004
  • 675
Фото - Caravan.kz

Бағдарлама жобасы ҚР үкімет басшысының 2003-жылғы 22-тамыздағы бұйрығымен құрылған бұрынғы Семей сынақ полигоны мен Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөнінде ұсыныстар дайындаушы мекемеаралық жұмыс тобының тапсырмасына сәйкес жасалған.

Бағдарламаның мақсаты — халықтың тұрмыстық деңгейіне сапалық әсер ететін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды жақсартуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру есебінен Арал проблемасын шешу болмақ. Бағдарламада экологиялық ахуалды жақсарту, халықты сауықтыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауыз сумен қамтамасыз ету, аймақтағы экономиклаық белсенділікті арттыруға жағдай жасау, өндірістік инфрақұрылымды дамыту және суды тиімді тұтыну тәрізді міндеттерді шешуге тиіс.
Аймақ тауқыметтерін кешенді шешуге арналған 2004-2006-жылғы бағдарлама аясындағы қаржы қазір жүзеге асырылып жатқан экологиягны сауықтыру, су қамтамасыздығын жақсарту және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландыру шеңберінде қарастырылған.
Жалпы алғанда республикалық бюджеттен 44796,56 млн. теңге, соның ішінде 2004 жылы — 10693,41 млн. теңге, 2005 жылы — 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы — 18026,06 млн. теңге бөлу көзделіп отыр.
Жобаны жүзеге асыру мерзімінде республикалық бюджет есебінен құрт ауруын емдейтін 7 аурухана мен диспансер, 11 мектеп, 9 магистральдық және шаруашылықаралық каналдар, 1 коллектор тәрізді нысандар салынады немесе реконструкцияланады. Сырдарияның ағысын реттеу, Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу, жылуэнергетика көздері мен Қызылорда қаласының тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру жобалары жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Қарабұтақ- Ырғыз- Қызылорда облысының шекарасы» және «Самара-Шымкент» тас жолының «Ақтөбе облысының шекарасы-Қызылорда -Шымкент» бөлігін жаңарту жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет қаржысымен қатар даму институттары мен шаруашылық субьектілерінің жеке қаржысын, сондай-ақ, несиелік ресурстарды тарту межеленген.

Соңғы жаңалықтар