2004-жыл басындағы алдын-ала есеп бойынша Достастық елдеріндегі халық саны 279 млн. адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жыл басындағы алдын-ала есеп бойынша Достастық елдеріндегі халық саны 279 млн. адамға жетті

2004-жыл басындағы алдын-ала есеп бойынша Достастық елдеріндегі халық саны 279 млн. адамға жетті

2004-жыл басындағы алдын-ала есеп бойынша Достастық елдеріндегі халық саны 279 млн. адамға жетті,- деп хабарлайды ТМД статистикалық комитетінің баспасөз қызметінен.

  • 11 Ақпан 2004
  • 925
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2003-жыл қорытындысы бойынша ТМД елдерінің арасында халықтық орналасу тығыздығы тұрғысынан біршама айырмашылықтар бар. Мәселен, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанда бір шаршы шақырымға 5-10 адамнан келсе, Әзербайжан, Армения және Молдовада 95-126 адамнан келеді. Әзербайжан, Грузия және Қазақстан тұрғындарының 50 проценттен астамы, ал Армения, Беларусь, Ресей және Украина халқының 60 проценттен астамы қалаларда тұрады. Молдова мен Түрікменстанда халықтың 60 процентке жуығы ауылда тұрса, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда ауыл тұрғындарының үлес салмағы 63-70 проценттен асады.

2003-жылғы орташа бойынша экономикалық белсенді халық саны (жұмысты және жұмыссыз) Әзербайжанда 3,8 млн., Арменияда 1,2 млн., Беларусьта 4,5 млн., Қазақстанда 7,6 млн., Қырғызстанда 2,0 млн., Молдовада 1,5 млн., Ресейде 71,4 млн., Тәжікстанда 1,9 млн., Украинада 23,5 млн. адамды құрайды.
2003-жылғымен салыстырғанда Достастық елдерінде тұрғындардың экономикалық белсенділігінің артуына шағын бизнес саласына жұмысқа орналасқандар санының артуы мен тіркеулі еңбек нарығынан жұмыс іздеушілер санының артуы әсер етті.
Еңбек қабілеті бар, бірақ экономикалық белсенділігі төмен тұрғындардың (үй шаруашылығымен айналысушылар, студенттер, жоғарғы класс оқушылары және басқа да жұмыссыз азаматтар) үлес салмағы Әзербайжан, Қазақстан, Молдова және Ресейде жалпы халық санының 11-14 процентін, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Украинада 15-17 процентті, Армения мен Тәжікстанда 23-25 процентті құрайды.
ТМД елдерінде жұмыс күшіне 2003-жыл бойы сұрыптай жүргізілген тексеру қорытындысы көрсеткеніндей, еңбек қабілеті бар , бірақ экономикалық белсенді емес тұрғындардың 10 процентін жұмысты шарқ ұра іздеп жүргендер (халықаралық стандарт бойынша олар жұмысыздар қатарына жатқызылмайды) мен жұмыс табудан әбден үмітін үзгендер иемденеді екен.
Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша анықталатын жалпы жұмыссыздар саны жұмысты өз бетімен іздеп жүргендерді (еңбекпен қамту қызметтеріне бармай) қоса есептегенде, 2003-жылғы тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстанда (2003-жылғы 3-ші тоқсан) 0,6 млн. адамды (халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 8 проценті), Молдовада (2-ші тоқсан) 105 мың адамды (7%), Ресейде (2003-жылдың тамыз айында) 5,7 млн. адамды (8%), Украинада (2003-жылдың қыркүйек айында) 2,1 млн. адамды (3,6%) құрады.

Соңғы жаңалықтар