2004-жылдың ақпан айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 32,1 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың ақпан айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 32,1 млрд. теңгені құрады

2004-жылдың ақпан айында Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 32,1 млрд. теңгені құрады

Еліміздегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 2004-жылдың ақпан айында 4,6 процентке артып, 30,7 млрд. теңгеге жетті. Сақтандыру ұйымдарының жиынтық есеп айырысу меншік капиталы 5,1 процентке кеміп, 16,6 млрд. теңгеге, ал сақтандыру резервтері 2,3 процентке азайып (қайталап сақтандырушы үлесін есепке алмағанда), 14,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Қ.Досмұхаметов ортаға салған мәліметке сәйкес, 2004-жылғы бастапқы екі айда сақтандыру сыйақысының көлемі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 3,3 млрд. теңгеге өсіп, 7,4 млрд. теңгеге жетті. Соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 76,7%-ке өсіп 1,2 млрд. теңгеге жетті. Ерікті мүлік сақтандыру сыйақысы 85,8%-ке өсіп, 5,6 млрд. теңге болды. Қ.Досмұхаметовтың айтуынша, сақтандыру төлемдерінің көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 81,6%-ке артып, 1,1 млрд. теңгені, соның ішінде міндетті сақтандыру саласы бойынша 167,9%-ке өсіп, 0,43 млрд. теңгені құрады. Ал ерікті жеке сақтандыру саласы бойынша 49,9%-ке өсіп, 0,20 млрд. теңгеге, ерікті мүлік сақтандыруы төлемдері 49,3%-ке өсіп, 0,45 млрд. теңгені құрады.

2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына 34 сақтандыру ұйымы лицензия алған. Соның ішінде шетелдердің қатысуымен құрылған 2 сақтандыру ұйымы, өмірді сақтандыру бойынша 2 ұйым, 27-сі көлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру лицензиясына ие. Сондай-ақ, 6 сақтандыру брокері, 30 актуарий және сақтандыру ұйымдарына аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия алған 34 аудиторлық ұйым мен 67 аудитор тіркелген. 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен 14 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сот шешімімен еріксіз таратылу барысында.