2004-жылдың бастапқы төрт айында Маңғыстау облысында химия өнеркәсібінің өнімі 2 есе өсті
2004-жылдың бастапқы төрт айында Маңғыстау облысында химия өнеркәсібінің өнімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2 есе өсіп, 233,5 млн. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық статистикалық басқармасының төрайымы Галина Иванова хабарлады. |
"Ақтал ЛТД" ЖШС химиялық кешеніне қарасты зауыттарда есепті мерзімде күкірт қышқылының моногидраты, минералды тыңайтқыштар мен тіс боры өндірілген жоқ. Ал пластмасса зауытында 4 тонна стирол полимері (өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 4,3 процент) шығарылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін