Жарияланды: 480

2004-жылдың басынан бері еліміздегі инфляция деңгейі 1,5%-ті құрады

2004-жылдың басынан бері еліміздегі инфляция деңгейі 1,5%-ті құрады (2003-жылдың бірінші тоқсанында 1,7%) , сонымен бірге азық- түлік тауарларының бағасы 2,6%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,3%-ке, ақылы қызметтер құны 0,7%-ке қымбаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

2004-жылдың наурыз айында жылдық инфляция деңгейі 6,5 процентті құрады, бұл 2004-жылдың ақпан айындағы 6,4 проценттік көрсеткіштен жоғары. 2004-жылғы наурызда тұтыну бағаларының өсу қарқынының төмендеу үрдісі сақталып, инфляция 0,4 процент болды (2003-жылғы наурыз айында 0,3 процент). Ағымдағы жылдың өткен айлары сияқты инфляцияның өсуіне кері әсер еткен негізгі фактор - азық-түлік тауарларының 0,6%-ке қымбаттады, азық-түлік тауарларына жатпайтын тауарлардың бағасы 0,1%-ке, ал халыққа ақылы қызмет көрсету 0,2%-ке өсті. 2004-жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларынан баға бидай ұнына- 2,8%, нанға - 2,2%, жеміс-жидек пен көкөніске 1,8%, ет және ет өнімдеріне 1,1% өсу байқалды. Баға деңгейі сүт өнімдеріне 1,3%-ке , қантқа - 0,8%-ке, май және тоң май өнімдеріне - 0,3%-ке , жұмыртқаның бағасы 3,1%-ке арзандау ағымы байқалды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардан киім бағасы - 0,6%-ке, тұрмыстық тоқыма бұйымдары мен ыдыс-аяқ бағасы - 0,5%-ке қымбаттады. Ал бензин бағасы 2,7%-ке төмендеді. Ақылы қызмет түрлерінен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу 0,3%-ке, білім беру құны 1,0%-ке, мәдени мекемелердің қызметі 0,5%-ке қымбаттады. Көлік қызметі 0,2%-ке арзандады. Тұрғын-үй-коммуналдық қызметтердің тарифі 0,2%-ке қымбаттаса, әсіресе газбен қамтамасыз ету қызметі 0,9%-ке, тұрғын үйдің күтіміне қатысты қызмет құны 0,6%-ке қымбаттады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін