2004-жылдың маусым айында Қазақстанда тұратын халық саны 15 миллион адамнан асты - ҚР статистика жөніндегі Агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың маусым айында Қазақстанда тұратын халық саны 15 миллион адамнан асты - ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

2004-жылдың маусым айында Қазақстанда тұратын халық саны 15 миллион адамнан асты - ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

2004-жылдың маусым айында Қазақстанда тұратын халық саны 15 миллион адамнан асты. Бұл туралы бүгін, 15-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің төрағасы Қали Әбдиев журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2004
  • 571
Фото - Caravan.kz

Әр ай сайын жаңаланып отыратын ресми мәліметтерге сәйкес, Қ.Әбдиевтің айтуынша, 1-маусым күнгі жағдаймен Қазақстан тұрғындарының саны 14 миллион 999 мың 793 адамды құрады. Яғни, 15 миллион деген көрсеткішке небәрі 207 адам жетпей қалған. Туылу мен көші-қонның оң сальдосын ескергенде, 15 миллионыншы Қазақстан тұрғыны «маусым айының басында дүниеге келді»,- деді агенттік төрағасы.

Агенттік мәліметіне сәйкес, 2004-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан Республикасындағы туылу көрсеткіші 88,6 мың адамды құрады, бұл 2003-жылғы осы мерзімдегі көрсеткішпен салыстырғанда 5,7 процентке артық. Туылу коэффиценті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 17,5 баладан келді, ал 2003-жылы бұл көрсеткіш 16 болатын. Өлім көрсеткіші 0,2 -ге кеміп, әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 10,2 адамды құрады.
2004-жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның қазіргі заманғы тарихында алғаш рет республикамыздағы сыртқы көші-қон оң көрсеткішті құрады. Көші-қон сальдосы 2,5 мың адам болды. Ал 2003-жылдың 1-тоқсанында бұл көрсеткіш минус 2,9 мың адам болған. Қазақстанға негізінен ТМД елдерінің азаматтары тұрақты тұруға көшіп келіп жатыр.