Жарияланды: 480

2004-жылғы наурыз айында несиелік серіктестіктердің жиынтық активтерінің мөлшері 5,5 млрд. теңге болды

2004-жылдың 1-наурызында несиелік серіктестіктердің жиынтық активтері 5,5 млрд. теңге (бір айда 13,7%-ке өсті) , міндеттемелері 3,4 млрд. теңге (20,4%-ке өсті), баланс бойынша жеке капиталы бір айда 4,3%-ке өсіп, 2,1 млрд. теңге болды. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады.

Қ.Досмұхаметов ортаға салған мәліметке сәйкес, несиелік серіктестіктердің несиелік қоржыны құрылымында стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 73,7%-ті (бір айда 4,8%-ке артты), күмәнді кредиттер 24,5%-ті ( бір айда 11,6%-ке кеміген), үмітсізі - 1,8%-ті (10,0%-ке кеміді) құрады. Ипотекалық компаниялардың жиынтық активтерінің мөлшері 17,2 млрд. теңге (1 айда 6,6%-ке өсті), міндеттемелері 14,0 млрд. теңге (бір айда 7,6%-ке өсті), жеке капиталы - 3,2 млрд. теңге (бір айда 2,4%-ке өсті) болды. Ипотекалық компаниялардың несиелік қоржыны құрылымында стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 99,4%-ті (бір айда 0,3%-ке өсті), күмәнді кредиттер 0,4%-ті ( бір айда 50,0%-ке төмендеді), үмітсізі - 0,2%-ті (бір айда 50,0%-ке өсті) құрады. Сондай-ақ, 2004-жылғы наурыз айында банк заңында көрсетілгендей, 1 несиелік серіктестікке ұлттық валютамен операциялар жүргізуге лицензия берілді. 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен 2 несиелік серіктестік ерікті таратылуда. Бүгінде 69 ломбард, 62 несиелік серіктестік, 2 ипотекалық компания, сондай-ақ, жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын 39 ұйым банк және өзге операциялар жүргізуге лицензия алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін