Жарияланды: 610

2004-жылғы наурыз айында номиналды құны 76,9 млрд. теңге болатын 3 мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы, 11 акция шығарылымы тіркелді

2004-жылғы наурыз айында номиналды құны 76,9 млрд. теңге болатын 3 мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы, 11 акция шығарылымы тіркелді, 44 акция эмиссиясы жойылды. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады.

1-сәуірдегі жағдаймен жиынтық номиналды құны 253,9 млрд. теңге болатын 75 мемлекеттік емес облигациялар айналымда болды, сондай-ақ, 3 469 акция шығарылымы айналымда болды. 20014-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен корпоративті бағалы қағаздар рыногында қолданысқа шығарылған акциялары бар 2 875 акционерлік қоғам тіркелді. Бағалы қағаздар рыногында 54 брокер-дилер, 19 тіркеуші, 10 кастодиан банк, 2 өзін-өзі реттейтін ұйым және бағалы қағаздар қоржынын басқаратын 10 ұйым жұмыс істеп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін