2004-жылғы республикалық бюджетте дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасы әрбір барреліне 22 доллар көлемінде болжанды
2004-жылғы республикалық бюджетте дүниежүзілік нарықтағы мұнай ("Брент" маркалы) бағасы әрбір барреліне 22 доллар көлемінде болжанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінен хабарлады. |
2005-жылы дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасы әрбір барреліне 22 доллар көлемінде, ал 2006-жылы 21,5 долларды құрайды деп күтілуде.
Болжамдық көрсеткіштер бойынша, 2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Ал 2004-жылғы экспорт көлемі 11,414 млрд. долларды, импорт 8,808 млрд. долларды құрайды деп жоспарланды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін