Жарияланды: 500

2004-жылы мұнайға деген дүниежүзілік сұраныс 1,3% артып, тәулігіне 79,1 млн. баррельді құрайды

2004-жылы мұнайға деген дүниежүзілік сұраныс тәулігіне 1,05 млн. баррельге немесе 1,3% артып, тәулігіне 79,1 млн. баррельді құрайды.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Халықаралық Энергетикалық Агенттік IEA тарапынан әзірленген мұнай рыногіндегі коньюнктура туралы ай сайынғы есептен белгілі болды. Болжам 2004-жылы дүниежүзілік экономика 4 процентке артады деген дәйекке сүйеніп отыр. Мұнайға деген дүниежүзілік сұраныс негізінен АҚШ пен Қытайда мұнай тұтыну ауқымының ұлғаюы есебінен артады деп болжануда. Сонымен бірге, IEA болжамына жүгінсек, ОПЕК-ке мүше болып табылмайтын тәуелсіз мұнай өндірушілер 2004-жылы мұнай өндіру мөлшерін тәулігіне 1,74 млн. баррельге жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін