2004-жылы оралмандардың басым бөлігін Алматы облысы қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы оралмандардың басым бөлігін Алматы облысы қабылдайды

2004-жылы оралмандардың басым бөлігін Алматы облысы қабылдайды

2004-жылы Алматы облысына 655 оралман-отбасы көшіп келеді. Сөйтіп, республика аймақтары арасынан квотаның басым бөлігі Алматы облысына бөлініп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Көші-қон және демография агенттігінің Алматы облыстық басқармасынан хабарлады. Тұтастай алғанда, 2004-жылғы республикалық көші-қон квотасы бойынша 10 мың адам елімізге қоныс аударады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

Оралмандардың басым бөлігі ҚХР (325 отбасы) және Өзбекстаннан (205 отбасы), сондай-ақ, Монғолия, Түркия, Түрікменстан және Ресейден көшіп келеді деп күтілуде.

Репатрианттар негізінен облыстың Ақсу және Райымбек аудандарында, Талдықорған маңында орналастырылмақшы.
Заңға сәйкес, республикалық бюджеттен оралмен отбасының әрбір мүшесіне үй сатып алуға 91,9 мың теңгеден, ал жәрдемақыға 9,1 мың теңгеден бір мәрте қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, оралмандардың көлік және кедендік шығындары өтеледі. Алайда, бұл мақсатқа бөлінетін қаржы 45 мың теңгеден артпайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар