Оның айтуынша, қазір осы бағыттағы жұмыстар жүзеге асырыла бастады. 2005-жылы зауыт жабдықталып, құрал-жабдықтары құрастырылады. Зауыт 2006-жылы пайдалануға беріледі.
Натрийді пайдалы жаратуға бағытталған зауытты салуға арналған қаржыны АҚШ мемлекеттік департаменті шығаратындықтан, зауыт ғимаратын американдық мамандар қабылдап алады.
Сұйық натрийді утилизациялау барысында ол содаға айналдырылып өңделіп, МАЭК аумағында қатты күйде сақталатын болады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БН-350 реакторында 5 мың текше метрдей сұйық радиоактивті қалдықтар мен 6 мың тонна радиоактивті қалдықтар сақтаулы.