«Мемлекеттік бюджет түсімі сыртқы қарыздарды қоспағанда 2,05 трлн теңгені құрап, жоспардан 6,8 пайызға артқан, шығындар 2,2 трлн теңгені, немесе жоспардың 95,5 пайызын құраған»,- деп мәлім етті Д. Ерғожин.
«Жоспарланған тапшылық 349,6 млрд теңге болса, нақты тапшылық 117,9 млрд теңгені құраған»,- деп атап көрсетті ол.
Вице-министр, «мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеден асып, 1042,9 млрд теңгені құраған, есеп беру кезеңіндегі жоспардың 106,9 пайызы орындалған»деп атап өтті. Сонымен қатар, «мемлекеттік, соның ішінде республикалық және жергілікті кірістің өткен жылңы осы кезеңдегі көрсеткішпен саластырғандағы өсу қарқыны сәйкесінше 118,7 пайыз, 115,9 пайыз және 140,8 пайызды құраған».
«Қосалқы құн салығы ставкаларының төмендегендігіне қарамастан бюджет көрсеткіштері айтарлықтай жоғары қалпында қалып отыр. Салық және кеден әкімшілігіндегі таң қаларлық жетістіктер мұнайдан басқа секторларда жоғарғы кірісті қамтамасыз етті, ол республика экономикасының тұрақты өсуінде көрініс тапқан»,- деп қорытындылады Д. Ерғожин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті