«Осы кезеңде есіртікіге байланысты 8271 қылмыс тіркелген»,- деп айтылған баспасөз қызметінің таратқан баспасөз баянында. «Осы санаттағы ашылған қылмыстардың саны 3835 құрайды»,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі қылмыстарын жасаған 6160 тұлға әшкереленген. «Осы санаттағы 5915 қылмыстық істі қарауда үкім шығарылған, соның ішінде 6112 тұлға сотталып, 13 адам ақталып шыққан, 54 тұлғаға қатысты іс тоқтатылған»,- деп нақтыланған баспасөз баянында.
«Осы санаттағы қылмыстардың жалпы санының негізгі бөлігі ірі көлемдегі есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз сатып алу немесе сақтауға байланысты, үлкен және өте үлкен көлемдегі есірткі немесе психотроптық заттарды сату, әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау мақсатында заңсыз сатып алу немесе сақтауға байланысты қылмыстардың үлесінде»,- деп атап көрестті ЖС баспасөз қызметіндегілер.
2006 жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың үлес салмағы тіркелген жалпы қылмыстар санының 9,7 пайызын құраған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті