2007 жылы 177 БАҚ өкілі кісі қолынан өлген - БҰҰ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы 177 БАҚ өкілі кісі қолынан өлген - БҰҰ

2007 жылы 177 БАҚ өкілі кісі қолынан өлген - БҰҰ

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы 177 БАҚ өкілі кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

Жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні қарсаңында ЮНЕСКО Халықаралық журналистер федерациясына сілтеме жасай отырып 2007 жылы 177 БАҚ өкілі кісі қолынан қаза тапқанына аударды. Оның көпшілігі Иракта өлтірілген.

Журналистерді қорғау комитеті хабарлағандай соңғы 15 жылдағы кәсіби қызметін атқару кезінде өлтірілген 500 журналистің тек 15 пайызында ғана тергеу сот үкімінің шығарылуына дейін жеткен.

Хабарламада Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні қарсаңында комитеттің «жауапқа тартылмау индексін» жариялағаны айтылған. Бұл тізімде биліктері БАҚ қызметкерлерін қасақана өлтірген тұлғаларды жауапкершілікке тарта алмай не тартқысы келмей отырған 13 мемлекет бар. Алғашқы үштікке журналистер әскери әрекеттерді жариялай жүріп күн сайын өз өмірлерін қауіпке ұшырататын Ирак, Сьерра Леоне мен Сомали мемлекеттері кірген. Бұл индексте соңғы он жылда кем дегенде 5 журналистің өлімі ашылмай қалған елдер орналасқан. Ресей 9-шы орында.

ЮНЕСКО-ның пайымдауынша, қазіргі күні журналистерге шабуыл жасау жиілей түскен. Әскери іс-қимылдар, әлеуметтік жанжалдар немесе табиғи апаттарды баяндай жүріп, олар өз өмірлеріне қатер төндіреді. Алайда, БҰҰ жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, журналистер жариялаған материалдарынан болып нысанаға айналатын жағдайлар аса алаңдатып отыр.

«Журналистерді қорғау комитетінің сарапшылары мемлекеттер мұндай қылмыс жасаушыларды іздеп табулары және жазалаулары тиіс екенін еске салды. Өйткені, журналиске жасалған әрбір шабуылдың құрбаны — демократия болып табылады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті