«Жылдық жоспарға сәйкес республикада электр қуатын тұтыну 6 пайыздық өсіммен 76 млрд кВт; өндіру — 8 пайыздық өсіммен 77,2 млрд кВт; экспорт — 111%, 4,1 млрд кВт; Ресей Федерациясынан және Орта Азия елдерінен импорт — 2,8 млрд кВт, немесе өткен жылмен салыстырғанда 72 пайызды құрап отыр», — деді А. Сатқалиев.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы тұтыну мөлшері өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 27 млрд кВт-ты, өндіру — 27,6 млрд кВт-ты құрап отыр. «Экспорт 1,3 млрд кВт-ты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34% өсті, Ресей Федерациясынан импорт 30 пайызға өсіп 600 млн кВт, Орта Азиядан — 91 пайызға өсіп 200 млн кВт-ты құрады», — деді вице-министр.
Ол сондай-ақ осы төрт айдағы тұтыну көлемінің ең қарқынды өсуі Алматы энерготорабында 6%, Ақмола облысында — 14%, Солтүстік Қазақстан облысында — 11,4% және Маңғыстау облысында — 14,8% болғандығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті