Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылғы бюджетке түзету енгізілмек. Атап айтсақ, 2007-жылғы бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге арттыру межеленген және ол 271,2 млрд теңгені (Жалпы ішкі өнімнің 2,2%) құрайтын болады.
Бюджет түсімдері 76,5 млрд теңгеге ұлғайтылып, 2 088,1 млрд теңгені, немесе жалпы ішкі өнімнің 16,8% құрайды. Бюджет шығындары 2 359,2 млрд теңге
(Жалпы ішкі өнімнің 18,9% құрайды) болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті