«2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін «»ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ, «Газпром» мен «Өзбекмұнайгаз» арасында СВОП-операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газ беру жөнінде келісім жасалды, бұл 2007 жылғыдан 20% артық», — деді С. Мыңбаев.
Оның мәліметінше, Қазақстан үшін жылдың бірінші жартысында газ бағасы былтырғы жылғы деңгейде қалады. «Бірақ жылдың екінші жартысында бұл баға қымбаттап, бір текше метріне шамамен $25 жетеді», — деді министр.
«Ал күз-қыс маусымында «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің жер асты газ қоймаларына 765 млн текше метр табиғи газ сақтамақшы», — деді С.Мыңбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті