2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізуге көмек көрсету жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізуге көмек көрсету жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізуге көмек көрсету жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен 2009 жылы Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағын өткізуге көмек көрсету жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс бабындағы отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 835
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысушылар 2009 жылы ҚР ұлттық халық санағын жүргізу үшін дайындық іс-шараларының орындалу барысы туралы мәселені талқылады.

Ұлттық санақты өткізуге көмек көрсету жөніндегі өңірлік комиссиялар өкілдерінің атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Ө. Шүкеев «ұлттық санақ маңызды саяси оқиға болып табылатынын» атап өтіп, жауапты органдарға ұлттық санақты дайындауға және өткізуге байланысты барлық кешенді мәселе бойынша жұмыстарды 2008 жылғы 1 желтоқсанға дейін толық аяқтау үшін және жұмыстардың орындалу барысына толықтай бақылау жүргізу мақсатында кесте жасауға тапсырма берді.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік органдарға халық санағы үдерісіне кең көлемде көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.

Вице-премьер қабылданған іс-шаралар туралы апта сайын есеп беріп отыратын жеке жауапты адамдарды анықтауды тапсырды және санаққа дайындық жүргізу және оны өткізу жұмыстарында олқылық жіберіп алмай, асқан жауапкершілікпен қарау керектігін есекертті.

Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2009 жылы ҚР ұлттық халық санағы туралы ақпараттық материалдарды теле арналар мен радиода және орталық БАҚ-тарда жарияланымдарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Премьер-министрдің орынбасары «санақ жоғары деңгейде өтуі тиіс — бұл мемлекет басшысы алға қойған міндет»,- деп қорытты сөзін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар