200-ден астам турист Түркияға демалысқа ұшып кете алмай сенделіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200-ден астам турист Түркияға демалысқа ұшып кете алмай сенделіп жүр

200-ден астам турист Түркияға демалысқа ұшып кете алмай сенделіп жүр

Тағы да туристер айқайы! Бұл жолы Өскеменде 200-ден аса адам Түркияға демалысқа ұшып кете алмай сенделіп жүр. Барлығы да бұған дейін талай туристі сан соқтырған «Гүлнәр Тур» фирмасынан жолдама алған екен. Төрт тәуліктен асса да, бір топ адам әлі фирма кеңсесінің есігін күзетіп жүр.

  • 14 Маусым 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz

Бірнеше ай бұрын туристік компаниядан жолдамаларды сатып алған жұрт енді жергілікті бөлімнің табалдырығын тоздырып жүр. Төрт күн бұрын ұшып кетулері тиіс болғанымен түрлі сылтау естіп, діттеген жерлеріне жете алмай қалған. Енді Жерорта теңізінде демалып қайтуды былай қойып, жолдаманың шығынын қалай өтеп аламыз деп жұрттың басы қатып отыр. Прокуратураға арыз жазыпты. Ал фирма басшылығы болса нақты жауап беруден жалтарып кеткен. Айтуларынша, Өскеменнен шығатын чартерлі рейс бұзылып қалыпты. 


Станислав Александров, Өскемен қаласының тұрғыны:

— Мынау компанияның қитұрқы әркетінің кесірінен осы күн ішінде қаншама жүйкемізді тоздырдық. Енді дер кезінде ұшып кетпесек демалысымыз құрыды деуге болады. Мына фирманың бөлімшесін сотқа береміз.