2010 жылдан бері Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2010 жылдан бері Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есе артты

2010 жылдан бері Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есе артты

Жыл сайын Қазақстанда ғылымды дамытуға үлес қосатын жастар саны артып келеді.

  • 9 Қараша 2012
  • 355
Фото - Caravan.kz

«Бұрын біз ғылыми кадрлардың қартаюы мен мамандар санының қысқаруы сынды екі мәселеге жиі кезігетінбіз. Ал, 2010 жылдан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ғылымға жастар келді, кадр әлеуеті арта бастады», — деп жұма күні ғылымды дамыту мәселесіне арналған конференцияда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазір елімізде «ЖОО-да ғылымды дамыту, студенттер, магистранттар мен докторанттарды ғылыми зерттеулерге көптеп тарту» үрдісі белең алды.
«Нәтижесінде жүзеге асырылған ғылыми жобалар үлесі 2010 жылы 33 пайыз болса, 2012 жылы 57%-ға жетті», — деді Б.Жұмағұлов.
Ол соңғы жылдары елімізде ғылым саласына бөлінген қаржының 2,5 есеге дерлік артқанын атап өтті.
Мысалы, осыдан екі жыл бұрын ол 20 млрд теңге болса, 2012 жылы 48 млрд теңгеге жетті, деді министр.

Соңғы жаңалықтар