2014 жылы 171 мың шаршы метр тұрғын үй жалға беру бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы 171 мың шаршы метр тұрғын үй жалға беру бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі

2014 жылы 171 мың шаршы метр тұрғын үй жалға беру бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі

2014 жылы елімізде 171 мың шаршы метр тұрғын үй жалға беру бағдарламасы аясында пайдалануға беріледі.

  • 6 Ақпан 2014
  • 371
Фото - Caravan.kz


Бұл жөнінде Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2013 жылдың жұмыс қорытындылары мен алдағы жоспарлары талқыланған алқалы жиында "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.

Бұл пайдалануға берілетін тұрғын үйдің 155 мың шаршы метрі "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ. Ал жалға берілетін баспананы несиелеу көлемі 15 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 2,8 миллиард теңгесі "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы жүзеге асырылады.