алынбақ. Бұл туралы кедендік бақылау комитетінің қашықтықтан мониторингтеу басқармасының басшысы Қайрат Маубаев мәлімдеді.
«2011 жылдан бастап кеден органдары көлік өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру міндетін атқарып келеді. 2014 жылғы мемлекеттік сатып алу шеңберінде көлік өткізу бекеттеріне орнатылатын 18 стационарлық тепловизор сатып алу үшін 121 млн 500 мың теңге бөлінді. Көлік өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік қосындар санитарлық-эпидемияға қарсы мүлікпен толық жабдықталған», деп Қ.Маубаев атап көрсетті.