2014 жылы Қазақстаннан Меккеге қажылыққа 5 мың адам барады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы Қазақстаннан Меккеге қажылыққа 5 мың адам барады

2014 жылы Қазақстаннан Меккеге қажылыққа 5 мың адам барады

2014 жылы Қазақстаннан Меккеге қажылыққа 5 мың адам барады,

  • 24 Маусым 2014
  • 573
Фото - Caravan.kz

деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, жоғарғы мүфтий Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында.

"Жуық арада қажылық мәселесі бойынша Сауд Арабиясында болдым, сол елдің қаржы министрімен кездестім. Қазақстанға 5 мың квота бөлініпті. Демек, біздің елден 5 мың адам қажылыққа бара алады", деді ол.

Жоғары мүфтий атап өткендей, өткен жылы Сауд Арабиясы бүкіл әлем бойынша қажылыққа баратындар квотасын 20% қысқартқан. "Биыл да солай. Мен оларға біздің елде 11 млн жуық мұсылман бар, біздің елден 11 мың адам қажылыққа бару керек дедім, ол саннан 20 пайызды алып тастаса, 8 мың адам болады. Біз 5 мың адамға квота ала алдық", деді ол.

Қажылыққа жіберумен үйреншікті 20 компания айналысады. Әр компанияға діни басқарма бір-бір имамды қосып береді. "Біздің имамдар қажылыққа бару ережелерін түсіндіреді. Олар бәрін көрсетіп, аудармашы да қызметін атқарады", деді ол.