Парламент тарапынан толық мақұлданған құжат президенттің қол қоюына беріледі.
Мәжілістің мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитеті хабарлғандай, қабылданған түзетулер 2014 жылдың 1-сәуірінен бастап әлеуметтік сипаттағы төлемдерді 12 пайызға, 2015 жылы 1-сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 25 пайызға өсіруге, сондай-ақ, бала асырап алғандарға 75 АЕК көлемінде бір реттік төлем төлеуге мүмкіндік береді.
1 айлық есептік көрсеткіш 1852 теңгеге тең.
2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы бойынша негізгі зейнетақы 12%, зейнетақысы 2014 жылдың 1-сәуіріне дейін зейнетке шыққан азаматтарлың зейнетақысын 14% дейін өсіру көзделген.
Ұсынылып отырған шаралар нәтижесінде базалық зейнетақы 10450 теңгеге, еңбек өтіліне қарай төленетін зейнетақы 46 661 теңгеге жетпек.
Сонымен қатар, «1-сәуірден бастап мүгедектер мен асыраушысын айырылғандарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 12 пайызға, 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап 25 пайызға артады. Жалпы алғанда, жәрдемақы 2013 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көбейеді.