Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы тиісті Жарлыққа қол қойды.
Ол Ақорда сайтында орналастырылған. ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп
жариялау туралы
Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі — Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Мыналар:
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 29 тамыз
№901