2015 жылдың қаңтарынан бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік 148 мың теңге төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылдың қаңтарынан бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік 148 мың теңге төленеді

2015 жылдың қаңтарынан бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік 148 мың теңге төленеді

2015 жылдың қаңтарынан бала асырап алған қазақстандықтарға бір реттік 148 мың теңге төленеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Забира Оразалиева мәлім етті.

  • 4 Қыркүйек 2014
  • 480
Фото - Caravan.kz


«Ендігі уақытта 2015 жылдың қаңтарынан бастап бала асырап алатын Қазақстан азаматтарына 75 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттің ақша төленетін болады. Ол 148650 теңгені құрайды», — деді ол.

Айта кетерлігі, еліміздің Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сәйкес республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 680 бала бар. Олардың ішінде 21 856 бала қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, ал 1947-сі патронаттық тәлім-тәрбие алуда.