Жарияланды: 810

2015 жылдың соңына дейін Ұлттық дәрілік формуляр әзірленеді

2015 жылдың соңына дейін Ұлттық дәрілік формуляр әзірленеді

Биылдың соңына дейін азаматтарға дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және оларды тиімді сатып алуға мүмкіндік беретін Ұлттық дәрілік формуляр әзірленеді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында 2015 жылдың соңына дейін Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр жасалатын болады», - деді министр.

Белгілі болғандай,  ҚҰФ-қа негіз ретінде әлемде «алтын стандарт» болып есептелетін британдық ұлттық дәрілік формуляр алынды. 

ҚҰФ Қазақстанда тіркелген барлық дәрілік заттардың тізімін, олардың клиникалық дәлелденген тиімділігі, орын алуы мүмкін кері әсері туралы, әрбір препараттың шекті бағасы жайында ақпаратты қамтитын болады. Осылайша, ол тек дәрігерлер үшін емес, ел азаматтары үшін де үлкен анықтамалық қызметті атқармақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін