2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция қанша пайызды құрады? - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция қанша пайызды құрады?

2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция қанша пайызды құрады?

2015 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында инфляция 0,1 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 744
Фото - Caravan.kz

Мәліметтерге қарағанда, баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2 пайыз, ақылы қызметтерге — 0,1 пайызға өсті. Азық-түлік емес тауарларының баға индексі 100 пайызды құрады. Өткен айда баға жаңа жиналған көкөністерге 2,5 пайызды, жаңа жиналған жемістерге — 1,6 пайыз, зәйтүн майына — 1,5 пайызға, жеңсік емес тағам балық консервілеріне, шайға — 1 пайыздан, балқытылған ірімшікке — 0,9 пайыз, шұжық, ет өнімдеріне — 0,7 пайызға, кондитер өнімдеріне, алкогольді ішімдіктерге — 0,6 пайыздан, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне — 0,5 пайызға, жоғары сортты бидай ұнына, сүзбеге — 0,4 пайыздан өсуі белгіленді.

Сонымен қоса, бағаның төмендеуі қантқа 2,5 пайыз, құс етіне — 2,2 пайыз, жұмыртқаға — 2,1 пайыз, күнбағыс майына — 1,6 пайыз, күрішке — 1,1  пайызға, қарақұмық жармаға, айранға, картопқа — 0,9 пайыздан, мәйекті ірімшікке — 0,8 пайыз, шикі сүтке — 0,7 пайызға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 0,9 пайызға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, газеттер және мерзімдік басылымдарға — 0,6 пайыздан, киім және аяқкиімге, жеке пайдалануға арналған тауарларға — 0,5 пайыздан құрады. Баға бензинге 1,6 пайыз, дизель отынына — 1,7 пайыз, сұйытылған газға — 11,4 пайызға төмендеді.

Бұдан бөлек, баға деңгейі монша қызметтеріне 1,3 пайыз, мейрамханалар мен қонақ үйлерге — 1,2 пайыз, денсаулық сақтауға — 0,6 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласына, мектепке дейінгі білім беруге — 0,4 пайыздан өсті. Алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігіне жол жүру ақысы 2,9 пайызға арзандады, әуе көлігі — 5,1 пайызға қымбаттады.


Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер тұрғын үйді күтіп ұстауға 0,3 пайыз, электр энергиясына — 0,2 пайызға өсті, ал тарату желілері бойынша тасымалданатын газға — 2,9 пайызға төмендеді.