Аймақ басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, келер жылдың сәуір айында газ-бетонды қабырға блоктарын шығаратын кәсіпорын пайдалануға берілмек. Зауыт жылына 50 мың текше метр өнім береді. Жобаның жалпы құны 950 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ауданда жылу-изоляциялық материалдар жасайтын тағы бір зауыт іске қосылуы тиіс. Оның жалпы құны 5,6 млрд теңгеге бағаланып отыр. Қазір аталған нысанда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.