2015 жылы Қазақстан ІЖӨ 4% өседі, инфляция 6,2% құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015 жылы Қазақстан ІЖӨ 4% өседі, инфляция 6,2% құрайды

2015 жылы Қазақстан ІЖӨ 4% өседі, инфляция 6,2% құрайды

2015 жылы Қазақстан ІЖӨ 4% өседі, инфляция 6,2% құрайды, делінген “Экономика жоғарғы мектебі” ҒЗИ “Даму орталығы” институтының зерттеуінде.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 878
Фото - Caravan.kz


Қараша айының соңында институт 2014-2015 жылдарға қатысты, 2018 жылға дейінгі Қазақстан экономикасының келешегі бойынша ойларыңыз қандай, деп Қазақстан бойынша сарапшы 15 кәсіби болжаушыдан кезекті рет сауалнама алған болатын.
Консенсус-болжамға қарағанда, биылғы жылы Қазақстанның ІЖӨ 4% өседі, инфляция 7,5% құрайды.
"Бағамның ресми болжамы 2014 жылдың соңынан бастап бағамның өзгермейтіндігіне негізделген. Консенсус-болжамға қарағанда 2015–2018 жылдары теңге бірте-бірте құнсыздануын жалғастырмақ, (жалпы алғанда 2014 жылдың соңымен салыстырғанда 10%)", делінген зерттеуде.
Қазақстан үкіметі 2014 жылы елдің ІЖӨ реалды өсімі 4,3% деңгейінде болады деп болжап отыр, 2015 жылы – 4,8%. Қазақстанда 2014 жылы инфляция 6-8% аралығында болады деп болжануда.