2016 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2016 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті бекітілді

2016 жылғы Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті бекітілді

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) 2016 жылға арналған бюджеті бекітілді, деп жұма күні ЕАЭО порталының сайтында хабарланды.

  • 23 Қазан 2015
  • 987
Фото - Caravan.kz

«Еуразиялық экономикалық одақтың 2016 жылға арналған кіріс бойынша бюджеті 7 734 627 мың ресейлік рубль және шығыс бойынша 7 734 627 ресейлік рубль сомасында бекітілсін», — делінген ЕАЭО сайтында жарияланған «Еуразиялық экономикалық одақтың 2016 жылға арналған бюджеті туралы» жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шешімінің жобасы туралы» құжатында.

Сайтта жазылғандай, жарна төлеу үлесі төмендегідей болды: Ресей — 6,599 млрд рубль, Қазақстан 549,932 млн рубль, Беларусь — 352,699 млн рубль, Қырғызстан — 146,957 млн рубль және Армения — 85,854 млн рубль.


Одақтың 2016 жылғы бюджеті шығыстарының ведомстволық құрылымы құжатпен бекітілді. Оған сәйкес негізгі айлыққа түзетулер енгізілді.

Соның ішінде, 2016 жылы одақ сотының судьясына ай сайын 417 300 ресей рублі сомасында қаражат бөлу бекітілді.

1 рубль=4,44 теңге

Соңғы жаңалықтар