Бұл туралы Мемлекет-жеке меншік әріптестік жобаларын қолдау орталығының бас директоры Елжан Біртанов мәлім етті.
«Әзірге конкурсты 2016 жылы жариялаймыз деген жоспарымыз бар», — деді ол сәрсенбі күні журналистерге.
Е.Біртановтың айтуынша, жеңіл рельсті транспорт жүйесін салу жобасын Алматы әкімдігі Еуропаның Қайта құру және даму банкімен бірлесіп жүзеге асырады.
«Жобаның едәуір бөлігі әзірленген – техникалық-экономикалық негіздемесі жасалып, есеп-қисабы жүргізілген. Бүгінде Алматының көлік жүйесін дамыту жөніндегі жаңа стратегияға байланысты жобаны толықтыру қажеттілігі туындап отыр. Келесі жылдан бастап конкурстық құжаттарды дайындау жөнінде халықаралық консультациялар өткізу жоспарланған», — деді Е.Біртанов.
Ұзақ мерзімдік контрактілердің жүгі ауыр, сондықтан жан-жақты пысықтап алу қажет. Жобаның құны әзірге анықталған жоқ, деп қосты ол.